Путин хараммен күрес белсенділерін мақтады

Путин хараммен күрес белсенділерін мақтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей көшбасшысы Владимир Путин маскүнемдікпен күресті өте маңызды іс деп санайды. Мұндай мәлімдемені Ресей президенті «Машук» жастар форумы аясындағы «Салауатты Ресей» белсенділерімен сұхбаттасу кезінде жасаған болатын. «Аталмыш мәселенің ауқымдылығы соңғы жылдары елімізде айтарлықтай қысқарды. Маскүнемдікке қарсы кампания өте жақсы нәтиже береді әрі ол ешкімге де зиянын тигізбейді», - деп қорытындылады сөзін В.Путин.

Айта кету керек, «Машук» форумы Пятигорскіде 2010 жылдан бастап өткізіледі. Осы уақыт арасында бұл шараға 20 мыңнан артық адам қатысқан. 2018 жылы аталмыш форумге Ресейден және әлемнің басқа да елдерінен 2 мыңнан астам қатысушылар келген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: