Аустралияда мұсылмандардың елге келуін тоқтатуды талап етуде

Аустралияда мұсылмандардың елге келуін тоқтатуды талап етуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аустралиядағы Квинсленд штатының сенаторы  Фрэзер Эннинг мұсылман елдерінен келетін мигранттардың Аустралияға келуін тоқтатып, көші-қон мәселесін шешуді талап етті. Ел парламентінің жоғары палатасында сөз сөйлеген Эннинг ислам дінін ұстанушыларды ассимиляциялаушы деп айыптап «көші-қон мәселесінің түпкілікті шешімін» әзірлеуді талап етті.

Саясаткердің исламофобиялық мәлімдемесі Аустралия үкіметі пен оппозицияның наразылығын тудырды. Сенатордың «түпкілікті шешім» терминінен нацистік Германияның еврейлерді жою саясатына ұқсас «еврей мәселесіне қатысты түпкілікті шешімге» үндестікті байқаған.

Аустралияның премьер-министрі Малкольм Тернбулл әлеуметтік желілерде Эннингтің мәлімдемесін сынға алды. «Аустралия – бір-біріне сенушілік пен сыйластыққа негізделген ел, біз ең сәтті мультимәдениетті қоғам құра білдік. Біз нәсілшілдіктің кез-келген түрінен бас тартамыз әрі сынға аламыз», – деп жазған премьер-министр.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: