Қытайда ұйғыр мұсылмандарының жаһандық дерекқоры жасалуда

Қытайда ұйғыр мұсылмандарының жаһандық дерекқоры жасалуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытай тарапынан ислам дінін ұстанушы ұйғыр ұлтының соңына түсу ел аумағынан тысқары жерлерде де жасалуда. Соңғы уақытта Пекин ұйғыр диаспорасының жаһандық дерекқорын жасауда, дәлірегінде, басқа елдердің азаматтығын алған ұйғырлар туралы мәлімет жинауда деген ақпарат тарап кетті. Қытайдың әлеуетті құрылымы Синьцзян ұйғыр тұрғындарына шетелдерде тұратын туыстарының жеке ақпараттарын беруді талап етіп, қысымға алып жатқан көрінеді. Бұл жерде банк шоттарының деректері, автокөлік нөмірлері және неке қию туралы куәліктері сөз болып отыр.

Мысалы үшін, АҚШ-та тұратын ұйғыр келіншек Қытайдағы анасынан  WeChat қосымшасы арқылы оғаш бір хабарлама алған. Оның анасы Қытай елі өз азаматтары туралы жаңа дерекқор жасап жатқанын түсіндіріп, қызынан көлігінің тіркеу нөмірін, банк шотының дерегін және төлқұжаттағы суретін жіберуді өтінген екен. Анасының дірілдеген дауысынан қызы оның қытай үкіметінің қысымында және бір нәрседен үрейлі екенін байқаған.

Сонымен қатар, Францияда тұратын ұйғыр да осындай қоңыраудың шалынғанын мойындаған: «Амансыз ба? Мен Қытайдағы полиция бөлімінің офицерімін.  Дұрыстап сөйлесейік, әйтпесе көп мәселе туындағалы тұр – бізге күнделікті сіздің ата-анаңыздың үйіне баруға тура келеді».

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: