Қазақстандық 3000 қажы Сауд Арабиясына жетті

Қазақстандық 3000 қажы Сауд Арабиясына жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан қажылары толығымен Мекке мен Мəдина қалаларына жетті. Бұл туралы ҚМДБ жанындағы Қажылық миссиясы мəлімдеді.

"Бүгін Қазақстан қажылары толығымен Мекке мен Мəдина қалаларына келді. Отандастарымыз қонақүйлерге  орналасты. Оларға отандық 18 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде. Қажылық миссиясының өкілдері аталған компаниялардың қызметін тексеру-қадағалау жұмыстарына кірісіп кетті", - деп атап өтті ҚМДБ Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан.


Бүгінде жерлестеріміз кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Шоқанов бастаған ғалымдар уағыз-насихат, түсіндіру шараларын жүргізуде.

Айта кетейік, биыл Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі қазақстандық қажыларға 3000 квота бөлген болатын.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: