Бас мүфти Астанадан аттанған қажыларға ақ жол тіледі

Бас мүфти Астанадан аттанған қажыларға ақ жол тіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз астаналық қажыларды ұлы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза да қатысып, қазақстандық қажыларға сәт сапар тіледі.
 
"Қажылықтың өзіне тән қиындықтары мен сынақтары болады. Әуежайдан бастап, елге қайтып келгенше түрлі машақатты бастан өткереміз. Сондықтан әр сынақты сабырмен қабылдап, төзімділік танытуымыз тиіс. Өйткені, сіздер Алланың жолында сапарға ниеттеніп, қажылық өтеуге бел будыңыздар. Алла баршаңызға қабыл болған қажылықты нәсіп еткей. Әмин", - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
 
Өз кезегінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза қажыларға ізгі ниетін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.
 
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 290 қажы Астана-Жидда бағыты бойынша ұлы сапарға аттанды. 

muftyat.kz
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: