Қытайда қарсылық акциясынан кейін мешітті сүру кейінге қалдырылды

Қытайда қарсылық акциясынан кейін мешітті сүру кейінге қалдырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен сенбіге жоспарланған ірі мешіттің құлатылуын Қытай үкіметі кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Мұндай шешімге аталмыш ғибадатхананың маңына мыңдаған адамдардың жиналып қарсылық акциясын өткізуі түрткі болған. Өткен бейсенбіден бастап қарсылық білдірушілер Нинся-Хуэй шет аймағындағы Вэйчжоу қаласында орналасқан мешіттің қасына жинала бастағаны белгілі. Бұл жерге ислам дінін ұстанушылар басқа да аймақтардан ағылып келген. Сонымен қатар, олар өздерімен бірге Вэйчжоулық мұсылман бауырларына ниеттестіктерін білдіріп өздерімен бірге ас-су да ала келіпті.

Сенбі күні күндіз жергілікті шенеуніктерге ғибадатхананың құлатылуын бақылау тапсырылған болатын. Алайда үкімет өкілдері құлатудың кейінге шегерілетіні туралы құжатты оқып берген. Содан кейін қарсылық танытушылардың басым көпшілігі тарап кеткен. Ал наразылық танытушылар қолдарына Қытай туын ұстап, мешіт баспалдақтарына жайғасқан болатын, яғни, олар барлық түр-болысымен тек өздерінің құлшылық жасайтын орнын сақтап қалғысы келетіндігін көрсеткен, - деп жазды Ансар.ру.

Алайда үкімет наразылық танытушылардың саны артып кетпес үшін, 4G мен ғаламторды Вэйчжоу қаласының 14 км радиус аймағында өшіріп тастаған еді.  Сондай-ақ, аталмыш ауданнан шеткері жақтағы ғаламтор қолданушылар «Вэйчжоу мешіті» деп іздеу салғанда техникалық қателіктерге тап болған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: