Оттава полицейлері үшін арнайы хижаб үлгісі шығарылуда

Оттава полицейлері үшін арнайы хижаб үлгісі шығарылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Канада астанасында стартап Thawrih түрлі мақсатта мамандандырылған хижабтарды тігетін Сирия босқындарын жұмысқа алған. Thawrih брендімен спорт хижабтары, сәлделер, бамбуктен және тез кебетін материалдардан тігілген жейделер шығарылады. Жуырда аталмыш фирма Оттава полиция басқармасынан маңызды тапсырыс алды.

Естеріңізге сала кетсек, Канада астанасының полициясы өткен жылы қызметкерлерінің басына орамал тағуға рұқсат берген болатын. «Олар хижабты униформаның бір бөлігі ретінде кіргізгісі әрі ерекшеленгісі келгендіктен бізге тапсырыс берді», - деп түсіндірген киім үлгісін жасаушылардың бірі Сара Абуд.

Айта кету керек, бұл жерде спорт мақсатында қолданылатын матадан тігілген бас киім айтылып отыр, ол қажет кезде тез шешіледі әрі қылқынып қалу қаупін тудырмайды. Мұндай нұсқа полицей мұсылман келіншектерге жақсы келеді, - деп жазды Ансар.ру.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: