Намаз үстіндегі балаларды қуған жаттықтырушы қызметінен қуылды

Намаз үстіндегі балаларды қуған жаттықтырушы қызметінен қуылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласыдағы "Атлетик" спорт кешенінде орын алған оқиға әлеуметтік желі арқылы қызу талқыланып, жұрттың ашуын тудырған. Жаттықтырушы балалардан бөлмеден шығуын талап еткен. Алайда намаз оқып тұрған шәкірттер оның сөзіне құлақ та аспайды. Ашуға мінген ұстаз балаларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, оларды желкелеп бөлмеден қуып шыққан.

Бұл туралы ZhambylNews-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков жауапты азаматтың жазаланатынын айтты.

«Желіде тараған видеоға байланысты екі жақтан да түсініктеме алынып, жауапты азаматтар жазаланады» – деді Жүнісбеков.

Жаттықтырушы Алмат Баетов Сейтнасимұлы 1966 жылы туған. Ол жоғары санаттағы жаттықтырушы. Еңбек өтілі 33 жыл. 2011 жылдан бастап мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында жұмыс істейді.

Әлеуметтік желі арқылы тараған видеода жаттықтырушының намаз оқып тұрған балаларды күштеп шығарып, жайнамазды тепкені байқалады. Оқиға Тараз қаласындағы “Атлетик” спорт кешенінде болды. Жаттықтырушының ісі педагогикалық этикаға сай болмағандықтан жұмысынан қуылды.

islam.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: