Ұйықтап қалу себепті қаза болған намазды Алла қабыл ете ме?

Ұйықтап қалу себепті қаза болған намазды Алла қабыл ете ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Кімде-кім бір адамды оның тарапынан болған әділеттілігіне байланысты, Алла разылығы үшін, жақсы көретін болса, алайда Алланың ілімінде әлгі адам Тозақ мекендеушілерінен болып табылатын болса да Алла оның сүйіспеншілігі үшін Жұмақ мекендеушілерін жақсы көретіндерге беретіндей сый береді.  Кімде-кім бір адамның тарапынан болған  әділетсіздігіне байланысты Алла разылығы үшін оған ашуланатын  болса, алайда Алланың ілімінде әлгі адам Жұмақ мекендеушілерінен болып табылатын болса да Алла оның ашуы үшін Тозақ мекендеушілеріне ашуланатындарға беретіндей сый береді».

Алла Тағала Мұсадан (а.с.): «Уа, Мұса, Мен үшін қандай амал жасадың?», - деп сұрағанда Мұса (а.с.): «Уа, Жаратушым, мен Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, Сені есіме алдым», - деп жауап берген екен.

Сонда Алла Тағала: «Намаз сен үшін дәлелің, ораза – қалқаның, садақа – көлеңкең, зікір – нұрың болып табылады. Ал Мен үшін қандай амал жасадың?», - деп сұрайды.

Мұса (а.с.): «Уа, Жаратушым, Сен үшін жасалатын амалды үйретші», - деген екен.

Сонда Алла Тағала: «Уа, Мұса, Мен үшін біреумен достасып, біреумен жауластың ба?» - деп сұрайды. Осыдан кейін Мұса (а.с.) Алла жолындағы сүйіспеншілік пен ашу ең үздік амал болып табылатындығын түсінген екен».

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Асылында, Алла Тағала сендердің сырт бейнелеріңе, мал-мүліктеріңе қарамайды. Ол сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды».

Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім адамдардың наразылығына қарамастан, Алланың игілігіне бөленуге тырысатын болса, онда оған Алла да, адамдар да разы болады. Ал кімде-кім Алланың ашуына қарамастан, адамдарға жағуға тырысса, оған Алла да, адамдар да ашулы болады».

Тамим Дари (р.а.) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Бес нәрсе бар. Олар: Аллаға, Оның Елшісіне, Оның Кітаптарына, мұсылман билеушілеріне және күллі адамдарға адал болу. Кімде-кім Қиямет күні осымен келсе, сол Жұмақтан алыстатылмайтын болады».

Күндердің күнінде Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан екен: «Діннің адалдық таныту екенін білесіңдер ме?». «Кімге қатысты?» - деп сұрағандарға ол: «Аллаға, Оның Елшісіне, Оның Кітаптарына және күллі мұсылмандарға», - деп жауап беріпті.

Факих былай айтқан: «Аллаға адалдық танытуАлла Тағалаға сенім білдіру және осы дінге өзгелерді де үндеу. Алла Елшісіне адалдық таныту – Алла Елшісіне және Алла Тағаланың оған уахи етіп түсіргендеріне сенім білдіру, сондай-ақ, оның сүннетіне сай амалдар жасау әрі осыған адамдарды үндеу.

Мұсылманның Оның Кітаптарына қатысты адалдық танытуы – кітапты оқу және осы кітаптакөрсетілгенге сай амалдар жасау. Сонымен қатар, адамдардың бәрі осы кітапты оқып, күнделікті өмірде қолдансын деп тілеу. Мұсылман билеушілерге қатысты адалдық таныту – олардың бұйрықтарына бағынып, тыйым салғандарынан тыйылу. Оларды игілікке шақырып, жаманшылықтан тыю. Оларға қарсы семсер көтеріп шықпау.

Ал мұсылмандарға қатысты адал болу дегеніміз өзіңе не қаласаң, оларға да соны қалауыңда. Өзіңе тілемегеніңді оларға да тілемеуіңде».

Факих былай айтқан: «Егер сәресіге тұруға, дәрет алып, намаз оқуға  әдеттенген адам түнгі намазға тұруға ниеттеніп жатып, таң атқанға дейін тұрмай, ал тұрған соң түнде оқи алмаған намазы үшін қапаланып, уақыттың кері қайтуын тілейтін болса, онда сол адам намаз оқыған болып жазылады.

Өзінің ниетінің арқасында ол түнде намаз оқитындарға нәсіп етілген сыйға қол жеткізеді. Ал егер үнемі түнгі намазды оқу үшін тұрып жүрмейтін адам таң атып қалды екен деп тұрып, дәретін алып, мешітке келгенде әлі таң атуға ерте екенін біліп, өзіне-өзі: «Егер таң атпағанын білгенде, әлі де болса құс төсегімнен тұрмас едім», - десе, онда ол ояу жүрсе де ұйқыда жатқандардың қатарында болып жазылады».

"Танбихул ғафилин" кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: