Сіз бірден сезінетін намаздың 3 психологиялық әсері

Сіз бірден сезінетін намаздың 3 психологиялық әсері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаздың ерен күші туралы Дэйл Карнеги былай айтқан болатын: «Айтып өткенімдей тіпті ғалымдар да дінге жүгінеді. Мысалы үшін, «Адам – беймәлім дүние» атты еңбек жазған доктор Алексис Каррельді алып көрейікші, осы еңбегі үшін ол үлкен жетістік – Нобель сыйлығына қол жеткізді. Доктор Каррель «Ридерз Дайджест» журналына жарық көрген бір мақаласында былай жазған: «Намаз – өмірде бар қуаттың ең күшті түрі. Бұл күш жердің гравитациясы сияқты шынайы дүние».

Дәрігер ретінде, алған емдерінің пайдасы болмай жатқан шақта көптеген науқастардың дұғаның арқасында жазылып, саруайымнан шығып жатқандарының куәсі болдым. Намаз – химиялық элемент радий сияқты қуатты түрлендіріп тұратын көз болып табылады.

Намазда адамдар өздерінің қуатын күллі қуаттың Шексіз көзіне бағыттайды. Намаз оқу арқылы біз өзімізді он сегіз мың ғаламды шырқ үйіріп тұрған таусылмас қозғалыста болатын күшпен байланыстырамыз. Намазбен осы күштің бір бөлігі біздің мұқтаждығымызды қамтуын қалаймыз.

Намаз арқылы өзіміздің кемшілік-кемістіктерімізге қарамастан біз өз рухымызды нығайтып, қайтадан қалпына келіріп отырамыз. Әр кез Аллаға сиынып, намаз оқу  арқылы біз жанымыз бен тәнімізді жақсы жаққа қарай түзетеміз. Намаздың бір минуты болса да пайдасыз болатын кезі болмайды». (Алаңдауды қойып, қалай өмір сүруді бастау, 80 б.).

Бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (2:186)

Егер ұйқыдан көзіңізді аша салған сәттегі сіздің бірінші ойыңыз Алла туралы болатын болса, онда Ол күні бойына сізді Өз панасына алады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан:

«Кімде-кім таң намазын оқитын болса, сол Алланың қорғауында болады, Оның панасынан бас тартып, өздеріңді жазаға тартпаңдар. Оның панасын бұзғандарды Алла ұстап алып, Тозақ отына лақтырады» (Мүслим).

Егер Мен оны жақсы көретін болсам, Мен оның естір құлағы, көрер көзі, ұстар қолы және жүрер аяғы боламын. Егер ол Менен бір нәрсе сұрайтын болса, Мен оған міндетті түрде сұрағанын беремін; егер ол Менен пана іздейтін болса, Мен оған пана боламын " (Құдси-хадис)

Міне, Жаратушы Өз мейіріміне бөлегендер – барлық жан-тәнімен намаз және басқа да жақсы амалдар арқылы Онымен байланыста болады, әр кез бір қиыншылық туындағанда қауіпсіздікке кепіл болатын әкесіне жүгірген баладай Жаратушысына жүгіріп отырады. Бұл жөнінде мына бір хадисте былай келтірілген: «Әр кез бір қиындық туындаған кезде Пайғамбарымыз Мұхаммед намаз оқуға асығатын». (Әбу Дәуд).

Намаз тамырымен адам табиғатынан орын алатын негізгі психологиялық қажеттіліктерге жауап береді. Дейл Карнеги былай жазған: «Неліктен діни сенім бізге сондай тыныштық, жайбарақаттық пен төзімділік сыйлайды? Осы сұраққа Уильям Джеймстің қалай жауап бергенін көрейікші. Ол былай деп жауап берген: «Мұхиттың беті толқын болғанымен, оның асты тып-тыныш қалпында қалады; сол сияқты кімде-кім нық ұстанымда болса, оның жеке өмірінде орын алып тұратын келеңсіздіктер елеусіз болып көрінеді. Расында, діни тұлға қайсар, сабырлылыққа толы әрі әр күн өзімен алып келетін кез-келген жайттарға дайын келеді».

Егер біз алаңдап, қобалжитын болсақ – неге өзімізді Құдайға сендірмейміз? Иммануил Кант былай айтқан: «Құдайға сеніңдер, өйткені бізге осындай сенім қажет». Неге бізге өзімізді «таусылмас мәңгі қозғалыста болатын әрі дүние жүзін шырқ үйіріп тұратын күшпен» байланыстырмасқа?

Тіпті өз табиғатыңыздан немесе біліміңіз бойынша сіз діни адам болмасаңыз да, тіпті скептик  болсаңыз да, намаз сізге сіз ойлағаннан да көп көмек көрсетеді.

Намаз негізгі үш психологиялық қажеттіліктерді толықтырып тұрады:

1. Намаз бізді мазалап жүрген нәрсені сөзбен айтып жеткізуге көмектеседі.

Адам басына түскен ауыртпашылық нақты болмай тұрғанда онымен күресу мүмкін емес. Намаз оқу – өз қиыншылықтарымызды қағазға жазып түсіргендей. Егер біз Алладан көмек сұрайтын болсақ та ауыртпашлықтарымызды сөзбен айтып жеткіземіз ғой.

2. Намаз оқу арқылы біз өз ауыртпалығымызбен біреумен бөлісіп, онымен оңаша қалмағандай сезімде боламыз.

Қай-қайсымыз болсақ та өз ауыртпалығымызды жеке өзіміз алып жүруге, ең қиын мәселелерімізді жалғыз шешерліктей күш-қуатқа ие емеспіз. Кейде біздің уайымымыздың тереңде жататыны сондай, біз тіпті оны жақын туған-туыстарымызға да айта алмаймыз. Міне, осы кезде намаз көмекке келеді.

Кез-келген психиатр күйзелісте жүрген адамның жанын жегідей жеген қиыншылығын біреуге айтып берсе көп-көрім жеңілдеп қалатынын айтады. Ал егер ешкімге айта алмасақ, онда бұл мәселені кез-келген уақытта Жаратушыға айтып бере аламыз.

3. Намаз бізді әрекетке итермелейді.

Бұл әрекетке деген бірінші қадам. Ешбір жан күннен күнге намаз оқып, дұға жасап, бір ісінің оңға басуы үшін қадам жасамайды дегеніне күмәнім бар. Дүние жүзіне танымал бір ғалым былай айтқан: «Намаз  - өмірде бар ең күшті қуаттың түрі».

Аса қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен Алла Тағала жаратқан пенделерін тек өз күштеріне сенбеуді ескертеді, өйткені олардың өз күштері жеткіліксіз және мұндай жағдай оларды өз әлсіздіктері мен надандықтарының түрмесіне мәңгіге қамауы мүмкін.

Қасиетті хадисте Алла Тағала былай айтқан:

«Уа, Менің құлдарым, Мен оң жолға түсіргендерден басқаларың адасушы болдыңдар, сендерді дұрыс жолға түсіруімді сұраңдар, Мен сендерді оң жолға түсіремін!

Уа, Менің құлдарым, Мен тамақтандырғаннан басқаларың аш қаласыңдар, Менен сендерді тамақтандыруды сұраңдар, Мен сендерді тамақтандырамын!

Уа, Менің құлдарым, Мен киіндіргеннен басқаларың жалаңаш қаласыңдар, Менен өздеріңді киіндіруді сұраңдар, Мен сендерді киіндіремін!

Уа, Менің құлдарым, ақиқатында, сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар, ал Мен сендердің барлық күнәларыңды кешіремін, Менен кешірім сұраңдар, Мен сендерді кешіремін» (Мүслим).

 

 asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: