Сауат ашу курсының шәкірт қыздарына арнайы сертификаттар табысталды

Сауат ашу курсының шәкірт қыздарына арнайы сертификаттар табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұлдар және қыздарға арналған екі айлық  сауат ашу курсы аяқталып, дәріс алған шәкірт қыздарға арнайы сертификаттар табысталды.

Сауат ашу курсының соңғы қорытынды марапаттау рәсімі Мөлдір есімді шәкіртіміздің қасиетті Құран аяттарын оқуымен ашылып,  мешітіміздің наиб имамы Аманбаев Ержан шәкірттерге ілім үйренудің артықшылығы, қасиетті Құран Кәрімді оқып оны үйретудің дүние және ақыреттегі дәрежелері, ата-анаға жақсылық жасау туралы насихат айтып, жасөспірімдерді жігерлендірді.

Мешітіміздің ұстазы Алдасаева Гүлжан 78 шәкірт қыздардың ішінде өте жақсы оқығаны үшін  17 қыз балаға алғыс хаттар табыс етті. Шәкірт қыздарды сауат ашу курсының аяқталуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.

Орталық мешіттің ұстаздары жас жеткіншектердің болашақтарына бағдар беріп, ақиқат дініміздің тәлімі терең ілімін баян етіп, ғылымға деген ынтасын оятуға себепші болды.

 Шәкірттеріміздің алған білімдері екі дүниеде де қайырлы болсын!

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: