Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Жазғы сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітінің жанынан, балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында, бір айлық сауат ашу курсы ұйымдастырылған болатын. Өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына жол ашатын сауат ашу курсына мектеп жасындағы 50 ұл бала мен  40 қыз бала келіп дәріс алды.

Екі жаһан сардары Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде «Сіздердің жақсыларыңыз Құранды үйренгендеріңіз және өзгелерге үйреткендеріңіз», -  дейді. Шу аудандық мешіттің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы және мешітіміздің ұстазы Құлыбек Ердәулет 1-топ ұл балаларға дәріс берсе, 2-топ қыз балаларға « Нұр Мұбарак» университетінің студенті Ақпаева Гүлдана екі топтың ұл-қыздарына қасиетті Құран Кәрімді оқып үйрену, Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистерін жаттап, күнделікті мұсылманға тиісті дұғалар, дәрет алу, намаз оқу сияқты Ислам құндылықтарын үйретті.

Бір ай алған білімдерін сынап, үздіктерін анықтау мақсатында әдеттегідей өзара жарыс ұйымдастырылды.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы балаларға білім алу жайында, ата-анаға қамқорлық көрсету, елдің абыройлы азаматы болу керектігі туралы уағыз насихат айтып, елімізге, дінімізге пайдалы жақсы азамат болып өсіп-өнулеріне тілектес екенін жеткізді.

Сайыс соңында балаларды алғыс хатпен марапаттап, ұл-қыздарға тіл үйіретін тәтті бәліш, балмұздақ, тәтті сусындар берілді.

 

   Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: