Сауат ашу курсының шәкірттері сынақ тапсырды

Сауат ашу курсының шәкірттері сынақ тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде 2 айға жалғасқан ұлдар және қыздар жазғы сауат ашу курсы балақайлардың діни білімін нығайтып, рухани кемелдендірген еді.

Бүгін осы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірт қыздар орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде соңғы сынақ тапсырды. Осыған байланысты шәкірттер бастауыш және жалғастырушы топ болып, әр қайсысы өз деңгейінде жоғары нәтиже көрсете білді.

Мешітіміздің ұстазы Алдасаева Гүлжан  емтихан тапсырушы шәкірттерге қолдау көрсетіп, осы медреседен алған білімдерін ары қарай жалғастыруларына тілектес екенін жеткізді.

Орталық мешітте өткен 2 айға созылған жазғы сауат ашу курсының аяқталуына да біраз күн қалды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: