Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері марапатталды

Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде әйелдер-қыздар секторы ұстаздарының ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсын бітіруші шәкірттер мақтау  қағазымен марапатталды.

Ата-аналар мен шәкірттердің бас қосуымен өткен жиында мешіт имамы Жансақалов Дәулеткелді ата-аналар мен шәкірттерге бала тәрбиесі мен шариғи ілім жайында уағыз айтты.

Сондай ақ, мешіт ұстаздары мешітке оқуға алып келіп, бала тәрбиесінде жақсы жол көрсеткендері  үшін ата-аналарға алғыс айтып,  дәрістер қыркүйек айында жалғасатынын ескертті.

Шәкірттер ата-аналардың назарына жаттаған тақпақтарын оқып берді. Іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттер көпшілікке екі айлық курстан үзінді ретінде естелік етіп,  суреттерден слайд жасап көрсетті.

Жиын соңында  үздік шәкірттерге мақтау  қағаздары табысталды.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: