Намазда (және жалпы) жаман ойлардан қалай арыламыз?

Намазда (және жалпы) жаман ойлардан қалай арыламыз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кей кездері адамды жаман ойлар қас қылғандай дәл жауапты, ең маңызды уақыттарда (намаз оқығанда, басқа да ғибадаттарды орындап жатқанда немесе жиналыста сөз сөйлеуге шыққанда т.с.с.) мазалайды. Көбіміз: Намаз оқып жатқанда басыма қай-қайдағы нәрселер келеді. Олардан қалай құтылсам болады? деп шағымданып жатамыз. Оның шешімі сіз ойлағандай қиын емес:

  1. Намазды бастамас бұрын өз-өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындап алыңыз.
  2. Намаз оқып жатқанда өзіңізді Алланың алдында тұрмын деп есептеңіз. Шынында да солай. Құлшылық жасағанда Раббымызға жақындай түсеміз. Ойыңыз да, жүрегіңіз де тек Жаратушыда болсын.
  3. Жаман ойлар келсе, дереу «Ағузу биллаhи минаш-шайтанир-ражим»-ді айтып, сол иығыңыздан үш рет түкіріп, намазыңызды жалғастырыңыз.
  4. Бір күні Абу Ас: «Уа, Алланың елшісі! Намаз бен Құран оқыған сәтімде шайтан маған кедергі келтіреді, мені ылғи шатастырады» дегенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Ол Хинзаб атты шайтан. Оның жаныңда екенін сезінсең, Алладан одан өзіңді қорғауын сұра да, сол иығыңа үш рет түкір»дейді.
  5. Құлшылығыңыз үшін алатын сыйыңызды шайтанмен бөліспеңіз!

Бірде Айша (р.а.) анамыз Алла елшісінен (с.ғ.с.) намаз оқып тұрған адамның жан-жағына қарауы жайлы сұрайды. Сонда ол: «Бұл – ұрлық: шайтан осылай Алланың құлына намазы үшін беретін сыйының бір бөлігін ұрлап алады» деп жауап береді (Сахих әл-Бұхари).

  1. Бұл «ісіңіз» (яғни, намаз оқығаныңыз) шайтанға ұнамай, құлағыңызға «жан-жағыңа қара» деп бұйырады. Сосын сіз оның айтқанын қалай орындағаныңызды білмей қаласыз. Содан соң «өткендегі мәселең не болды?», «ана ісіңді қайтпексің?» деген сияқты сөздермен ойыңызды бөліп, сізді намаздан мейлінше алыстатқысы келеді. Сондықтан намазда жан-жағыңызға қарап, дүниелік істерді ойлап кетпеңіз.

Психологияда «ақ мешін» феномені жайлы айтылады. Ол адам санасының сыртқы нәрселермен күресуінің қиын екенін дәлелдейді. Мысалы, бір адам екіншіге: «Ақ мешін жайлы ойлама» десе, ол адам дәл сол ақ маймыл жайлы ойлайды. Жаман ойлар да тура солай. «Енді ойламаймын» деген сайын әлгі нәрсе ойыңызға орала береді. Сондықтан бір ой келгенде оның соңынан қуып, түбіне кетіп қалмаңыз. Ойлар қалай келді, солай тез кетсін.

Сондай-ақ адамның қай кезде де қайдағы-жоқты ойлап, теріс ойлардың соңына түсуі оның денсаулығына байланысты. Сол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, ұйқы режимін де сақтаған абзал.

asylsoz.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: