Сауд қыздары ұшуды үйренеді

Сауд қыздары ұшуды үйренеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының Ұшқыштар академиясы алғаш рет қыз балаларды студенттік қатарға қабылдай бастады. Қазірдің өзінде жүздеген нәзік жанды саудиялық құжаттарын тапсырып, 2018 жылдың қыркүйек айынан оқуға әзір, деп хабарлайды Islam.ru.

Корольдіктің шығысындағы Эд-Дам қаласында орналасқан Ұшқыштар академиясының жаңа филиалы тек ұшқыштар ғана емес, сонымен қатар, ұшақ жөндейтін, авиадиспетчер мамандарын даярлаумен айналысады. Мұнда саудиялық студенттер 3 жыл ішінде тиісті білімді алып шығады.

Филиалдың атқарушы директоры Осман әл-Матиридің айтуынша, оқуға түскен қыздар үш жыл бойы академиялық және тәжірибелік білім алатын болады.

Еске салсақ, Сауд Арабиясында өткен жылдан бері әйел адамдардың құқықтары айтарлықтай кеңейді: олар енді нотариус, сот, полицей, тіптен әскери қызметкер де бола алады.

кazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: