Имани жаз: сауат ашу курсы аяқталды

Имани жаз: сауат ашу курсы аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданындағы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Сағымбаев Бақытбектің ұйымдастыруымен «Қалмұрат баба»  мешітінде бір айлық сауат ашу курсы өткен болатын.

Сауат ашу курсына мектеп жасындағы балаларымыз, мектепті бітірген студент балаларымыз және үлкен ағжәне үлкен ағаларымызға дейін қамтылды. Сауат ашу курсында шәкірттеріміз мұғалим сани, тәжуид, Құран Кәрім, сабақтарын меңгере отырып, әдеп, көркем – мінезбен қоса салт – дәстүрімізді меңгерді.

«Қалмұрат баба» мешітінде 61 шәкірт білімін аттырды. Шәкірттердің арасынан құранға түскендері 8 болса, тәжуид оқығандары 3 шәкірт. Осы орайда шәкірттеріміздің білімін тексеру мақсатында айдың соныңда жекелей емтихан алынды. Бүгін мешіт шәкірттерің марапаттау мақсатыңда «Қош бол балдырған» атты іс – шара өткізілді. Бұл шарада шәкірттеріміз мешіт жамағатының алдында білім деңгейлерін көрсетті. Шәкірттеріміздің білім деңгейін көрген жамағат ата – аналарымыз мешіт молдасына алғыстарын білдірді. Жыл сайынғы сауатын ашушы шәкірттерге сыйлықтар ұйымдастырылып келеді. Биыл да шәкірттеріміз мешіттен бос қайтпасын деген мақсатта үш орын және дәріске қалмай келген шәкірттерге ыңталандыру сыйлықтарымен мақтау қағаздары таратылды.

Бірінші орынға екі велосипед сыйға тарту етілді.  Шәкірттердің арасынан озат шыққан   Қасқыр Айдоспен  Исмайлов Абдул Уаһит иеленді.

Екінші орынға екі жарық құрылғысы сыйға тарту етілді. Шәкірттерд34 арасынан Нұрматов Сыддық Мұхаммедпен, Тазабек Абылай иеленді.

Үшіңші орынға екі сағат сыйға тарту етілді. Шәкірттердің арасынан Қасқыр Аянмен, Нұрматов Османға бұйырды.

Қалған шәкірттерімізге тақия мен су ішетін бакалдар сыйлыққа берілді. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасын таппақ. Алла шәкірттеріміздің алған білімдерін жемісті еткей!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: