Әйеліңізбен сырласып жүрсіз бе?

Әйеліңізбен сырласып жүрсіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйелді бағалау, оның көңіліне қарау-ер адамға аманат. Ал сіз сол аманатыңызға қаншалықты беріксіз? Сіз үйге келгенде әйеліңізбен сырласасыз ба? Қашан соңғы рет оның тамағын мақтадыңыз ? Киген көйлегіне пікір айттыңыз ба?

Қашан сіз соңғы рет оның қолынан ұстадыңыз? Әйеліңізге сыйлық жасап тұрасыз ба? Әйел адам осы нәрселерді сізден күтеді. Егер әйеліңізге осы істерді жасап тұрсаңыз, сіз үшін бұл үлкен сауап болып саналады.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Ер мен әйел қол ұстасса,  саусақтарының арасынан күнәләрі төгіледі». (Хайсами,Мажмағіз-зауаид 8/40). Сіз осыны білесіз бе? Құранда: «Олар сендер үшін киім, Сендер де олар үшін киімсіңдер», делінеді. (Бақара187). Яғни ер мен әйел бір бүтін деген сөз. Ал отбасының беріктігі ер мен әйелдің татулығында. 

Жалпы әйеліңізге көп нәрсенің қажеті де жоқ. Ең азы әйеліңізді мақтасаңыз, еркелетсеңіз, сыйлық жасап, көңілін көтеріп тұрсаңыз, отбасыңызға береке кіріп, әйеліңіздің жүзінен әр дайым күлкіні көресіз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: