Францияда діни реформа жүргізіледі

Францияда діни реформа жүргізіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция үкіметі ислам діні немесе басқа да діндермен ешқандай проблемаға кезіккен жоқ. Алайда, республикадағы зайырлы мемлекет нормалары елде исламға ауқымды реформа жүргізуді талап етеді. Бұл туралы кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон республика қос палатасының бірлескен конгресінде мәлімдеді, деп жазады Islam.ru.

Франция президентінің айтуынша, күзде республика көлемінде ислами бірлестіктерге «ел заңнамаларына сәйкес ережелер мен қағидалар» берілетін болады. «Біз бұл жұмыстарды осы конфессияны ұстанатын франциялықтармен бірлесе жүргізетін боламыз» деді ол.

Макрон сондай-ақ, жалпыұлттық тұтастық ісінде жаңа қадамды жасау үшін «жаңарған заңнамаларды, жаңа келісімдерді талап ететінін» атап кетті.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: