Естіген нәрсенінің барлығын айта беру, өтірік үшін жетіп жатыр

Естіген нәрсенінің барлығын айта беру, өтірік үшін жетіп жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Өтірік өрге баспайды» демекші өтірік сөйлеу – күнә. Өтірік дегеніміз, шындықты жасырып айту немесе ақиқатты бұрмалап шындыққа жанаспайтын мәлімет жеткізу.

Адамдарға өтірік айту – арсыздықтың белгісі. Өтірік, адамның еңбегін күйдіріп жоқ ететін қате амалдардың санатына жатады. Өтірікті – адамның ашық дұшпаны екенін айтып, Абай атамыз айтып кеткен:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Бұл өтіріктің залалы басқаларға өтіп қоғамдағы әділдік пен тәртіпті бұзып, тұрақтылыққа сыза түсіруі мүмкін. Өтірік жүрген жерде адамның бір-біріне сенімсіздік пайда болады, береке кетеді. Сондықтан да Ислам өтірік сөйлеуден сақ болуға шақырады.

Негізінде, өтірік сөз көп жағдайда мына әдістердің бірімен жасалады: бірінші әдіс – адам әңгімені ойдан құрастырып айтады. Екінші әдіс – болған оқиғаны қосып, бояуын қоюлап, көркемдеп айту арқылы жасалады; үшінші әдіс – болған оқиғаның мазмұнын өзгертіп, қысқартып айту арқылы жасалмақ; төртінші әдіс – мәтінді бұрмалап өзгертумен жасалады.

Мәлик ибн Динар: «Жүректе шындық пен өтіріктің арасында тартыс жүреді. Екеуінің бірі жүрекке әмірші болғанша ұрыс жалғаса бермек», – деген. Сондықтан адам жүрегінде өтірік жеңіп, шындық жеңілсе, онда оның сөйлейтін сөздерінің барлығы – өтірік.

Ойдан шығарып айтылған әңгімені шариғатта «әл-ифтира» немесе «ихтиләқ» деп атайды. «Әл-ифтира» сөзі -жала жабуойдан құрастыру деген мағыналарды білдіреді. Ал «ихтиләқ» сөзінің мағынасы – қолданжасауойдан шығару.

Егер адам болған оқиғаны қосып көркемдесе немесе мазмұнын өзгертіп, қысқартып айтса, оны исламда «мәйнун» деп таниды. «Мәйнун» сөздің арабша мағынасы –өтірікайту.

Әдетте адам өтірік айтқан уақытта – айтқан оқиғаның куәгері ретінде айтады немесе айтқан оқиғаның куәгері емес, басқадан естуші, яғни, үшінші кейіпте сөйлейді. Бұл екі жағдайдың арасындағы қауіптісі – адам оқиғаның куәгері бола тұра, оны басқа біреуге баяндаған кезде болмаған жағдайды қосып айтуы. Басқаша айтқанда, болмаған нәрсені болды етіп, болған нәрсені болмаған етіп айту – өтіріктің қауіптісі:

Уасилә ибн әл Аскағ ған Алла разы болсын):«Пайғамбар ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жалғанның көкесібөтен адамды әке деп айту немесе көз көрмегенді көрдім деу яки болмаса Алла елшісінің айтпаған нәрсесін, айтты деп сөйлеу», – деп айтты» деген хадис жеткізген. (Бұхари)

Сонымен қатар, адамның өзіне болашақта тигізер пайдасын ойлап, жалған сөйлеуіне Ислам тиым салады. Мұндай өтірік сөз оған келешекте пайдасын емес, кесірін тигізеді. Яғни, ол адам бұл дүниеде өзінің көздеген пайдасына жетуі ықтимал, бірақ, ақыретте сол үшін жауап бермек. Сондықтан, өтірік сөздің жақсысы жоқ, өтірік сөз жақсы, орташа және жаман деп топтарға бөлінбейді.

Әш-Шағби сараңдық пен өтірік сөзге қатысты: «Тозақта екеуінің қайсысы төменде болатынын білмеймін, өтірік сөз бе әлде сараңдық па?» – деп айтқандай оның жақсы-жаманы жоқ. Өтіріктің барлығы жаман.Тіпті, адам естіген кез келген нәрсесін айта берсе, ол да өтірікке жатады екен. Пайғамбарған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Пендеге естіген нәрсенінің барлығын айта беру, өтірік үшін жетіп жатыр», – деп айтқан. (Мүслим)

Адам үшін қайырлысы ылғи шындықты айту ережесін ұстануы. Себебі, өтірік айтқан кісіге адамдар арасында сенімсіздік пайда болады. Өтірікші адам үнемі өзінің өтірік сөйлегенін естен шығарып қояды. Егер ол мұндай әдетінен айырылмаса, онда әрбір қас қағым сәтте өзінің басына арсыздық қасіретін шақырғанмен тең.

Дініміз исламда балаларды алдап, оларға өтірік айтуға да болмайды. Әдетте кейбір ата-ана баласын «әлі кішкентей, ақылы жоқ» деп оп-оңай алдай салады. Бұлай жасау дұрыс емес. Алланың елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай жағдайға қатысты былай деп айтқан:

«Кім сәбиге: «Мұнда кел, мынаны ала ғой», – деп, бірақ оған еш нәрсе бермеген болса, ол – өтірікші» (Ахмад).

Абдулла ибн Амир ған Алла разы болсын) былай дейді:

«Бір күні үйімізде Алланың елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде анам:

– Бері келе ғой, бірдеңе беремін, деп мені шақырып алды.

Мұны көрген Алланың елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Оған не бермексін? – деп сұрады.

Анам:

– Бір түйір құрма бермекші едім.

Сонда Алланыңелшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Егер оған ешнәрсе бермегеніңде, саған бір өтірік жазылар еді, – деді» (Әбу Дәуіт).

 

Гүлнар Жаладинқызы, дінтанушы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: