Шу ауданындағы ораза айт

Шу ауданындағы ораза айт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза айты бір ай оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне бір осыған шүкіршілік іспетті иләһи шуағы мол мереке. Бұл күні үлкен де кіші де ерте тұрып Алланың жердегі қасиетті үйі мешітке бағыт алып, Айт намазын оқуға асығады.

Әдеттегідей Шу аудандық Төле би мешіті Ораза айтқа дайындалып, айт намазын оқып, мейрамды өз деңгейінде өткізді.
Аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы мешітке келген жамағатты Ораза айтымен құттықтап, ұстаған оразаларыңыз, берген садақаларыңыз, қылған құлшылық ғибадаттарыңыз, тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын деп тілегін айтып, Ораза айт жайында әсерлі уағыз-насихат айтты.
Төле би мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен, еліне жанашыр жомарт бауырларымыздың демеушілігімен, Ораза айттың құрметіне ауданымызда тұратын мұқтаж, жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі 30 отбасына азық-түліктей (30 қап ұн,150лт сұйық май, қант, шәй) қайырымдылық науқаны жасалды.
Осындай игі іс-шараға тап болған аудан жұртшылығы ұйымдастырған азаматтарға өз разылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: