Айт намазы Тараз қаласы бойынша 15-маусымда оқылады

Айт намазы Тараз қаласы бойынша 15-маусымда оқылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы бойынша биыл Ораза айт намазы 15-маусым, жұма күні таңғы сағат 06:30-да оқылады.

Айт намазы күннің ұясынан толық шығып найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына дейінгі аралықта оқылады. 

Айттың мына әдептеріне көңіл аудару керек:
–  Ғұсыл алу;
–  Таза киім кию;
–  Хош иіс себіну;
–  Намаздан алдын тақ санды бір немесе үш... құрма жеу;
– Намазға тәкбір айтып бару. Еркек адам дауыстап, әйел адам іштей айтады; (Тәкбір түрлері: Аллаһу Акбар Аллаһу Акбар, Лә иләһә иллаЛлаһу Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар уа лиләһил-хамд
– Намазға жаяу бару;
– Бір жолмен барып, басқа жолмен қайту.

Бұл айтылғандар – айттың әдептерінен. Бұл істерді істеу мұсылман үшін нұр үстіне нұр амал болып табылады.

Қасиетті Ораза айт мерекесіне орай орталық «Һибатулла Тарази» мешіті бірқатар шаралар ұйымдастырып, мұсылмандардың ұлық мейрамын өз дәрежесінде атап өтуді жоспарлап отыр.

Айт намазынан соң мешіт ауласында спорттық шаралар ұйымдастырылып, қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетін болмақ. 

Келе жатқан Ораза айттарыңыз оң болсын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: