Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым батасын жасады

Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым батасын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің мұсылман жамағаты қасиетті Рамазан айының 27-жұлдызына дөп келген Қадір түнін қарсы алып, құлшылықпен түн өткізді. Бұл түні еліміздің Бас мешітіне жиылған қалың жамағат Қадір түнін ерекше ықыласпен өткеріп, жамағатпен бірге Құран хатым батасына қатысты.

Бас мешіттегі берекелі кешке ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев қатысып, жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

Құптан намазынан соң қалың жамағатқа түндердің төресі болған қасиетті Қадір түні турасында уағыз айтып, мүбәрак түнді құлшылықпен өткізуге үндеді. Еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп, қасиетті түнде қазақ елі үшін дұға жасауға шақырды.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: