Қиыншылықтар қайдан келеді?

Қиыншылықтар қайдан келеді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің өмірімізге қиыншылықтар қайдан және нендей мақсатпен келеді?

Кейде адамдар Алланың берген нығметтеріне шүкіршілік етпей, Жаратушымыз көрсеткен хақ жолмен емес, өзі қалаған жолмен жүріп, қиыншылықтарға тап болады.

Негізінде, қиыншылықтардың мақсаты – бізді тура жолға салып, тәубемізге келтіру.

Мұны білмейтін кейбіреулер: «Осы маған-ақ азап пен бейнетті беріп қойған» деп тағдырына налып жатады. Ал тағдырға риза болмау – күнә екені анық.

Қиын-қыстау кезеңдерді сабырмен өткеріп, жеңе білген мұсылман мейірімділік, сабырлық, ақылдылық сияқты көркем мінезбен жаны мен жүрегін толтырып, рухани дамымақ. Тәкаппарлық, жек көрушілік, қара басының қамын ойлау сынды адами қасиеттерге жат жиіркенішті әдеттерден біржола арылады.

Міне, осындай қиын сәттерде әрбір пенде жан тыныштығын Алладан кешірім сұрау мен намаздан таппақ.

Бір аятта: «Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге» («Бақара» сүресі, 153-аят) делінген.

Сондықтан, қиыншылықтар бізге сынақ үшін келетінін, тіпті өміріміздің өзі сынақ екенін ұмытпайық.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: