Кофе болайық!

Кофе болайық!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмір бір қалыпта тұрмайды. Адам өмірінде жақсылық та, жамандық та алмасып келіп отырады. Ондай жәйттар діни тілде сынақ деп аталады. Ол сынақтар қолекі істеген күнәларымыздың кешіріліп, аxиреттік дәрежелеріміздің өсуіне себеп болады.

Сынақтың Алладан екенін білгендер оны қалыпты өмірсалтына айналдырып жібере алады. Алайда бұл - пайғамбарлар мен дін ғұламаларына ғана тән мінез.

 Рас, қазір мына өмір, заман, қоғам келеңсіздіктерін, одан туындап жатқан залалдарды сезінбей жүрген адам жоқтың қасы. Әркімде де екі иғын зілдей қып басып тұрған бір-бір ауыртпалық бар. Біз осы ауыртпалықты дін ғұламалары өздерінің өмірсалтына айналдырып алады дедік. Себебі, олар ол ауыртпалықты Алладан деп түсінеді. Ал Алладан келген қай нәрсені де Аллаға мойынсұнған адам қабылдауға міндетті. Егер оған қарсы тұрмай, қарсы тұрғанның өзінде де ештеңе өзгермейді, соған сабырлылық таныта алсақ, яғни қабылдасақ, өзіміз өзгереміз. Біздің бойымызда жасырын жатқан адами қасиеттер көрініс бере бастайды. Біртіндеп біз соған айналамыз.

Мынандай бір тәмсілбар.    

"Қиындықтан шыға алмай жүрмін" деп мұңын шаққан қызына әкесі төмендегідей тәжірибе жасатады. Асxанаға барып, бірдей үш ыдысқа бір мөлшерде су құяды да, біреуіне - бір тал сәбіз, екіншісіне - бір тал жұмыртқа, үшіншісіне - бір уыс кофе салып, үшеуін де жиырма минут қайнатады. Сәбіз бен жұмыртқаны бөлек ыдысқа салып, кофені стаканға құйып алғаннан кейін қызына сәбізді көрсетіп: "Мына сәбіз әу баста қатты еді, басына "қиындық" түскен соң жұмсарып, босап кетті. Ал мына жұмыртқа әлсіз еді, ол басына түсккен "қиындық" әсерінен қатайып алды. Бәрінен озған мына кофе. Ол "қиындықпен" үндесіп, судың өзін қош иіске бөлеп жіберді. Қалау өзіңде. Сен осылардың қайсысы болғаныңды қалар едің" дейді. 
Иә, адам өмір сабақтарынан тәжірибе жинақтап, шыңдалады. Рас, ол сабақтарды әркім әрқилы қабылдайды. Сондықтан ондай сәттерде... Дұрыс. Кофе болайық.

 

ҚұдиярБіләл

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: