Жұма намазын Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бұрын оқыған сахаба

Жұма намазын Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бұрын оқыған сахаба

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жұма намазы жайлы Әбу Лубананың (р.а.) риуаятына тоқталсақ, Алла елшісі: «Жұма – күндердің тақсыры және ең ұлысы. Сондай-ақ, ол Алланың қасында Ораза айтынан да, Құрбан айтынан да ұлырақ. Оның бес ерекшелік қасиеті бар: ол күні Алла Тағала Адамды жаратқан; осы күні Адамды жерге түсірген; осы күні Алла Тағаламен Адам қайта қауышқан; осы күні құл Алладан харамнан өзге, не сұраса да, берілетін бір сағат бар; осы күні қиямет болады, Аллаға жақын әрбір періште , аспан мен жер, таулар мен теңіз барлығы осы Жұма күнінен қорқады»[1],- деген.

Жұма намазы мұсылмандарға Мекке қаласында хижрадан (ұлы көшу) бұрын парыз етілді. Ибн Аббас (р.а) бұл жайында былай әңгімелейді: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жұма өткізу Мәдинаға хижрадан бұрын бұйырылды. Алайда, Меккеде адамдарды жинауға ол кезде мүмкіндік болмады. Сөйтіп Мәдинадағы өкілі Мусаб ибн Умайраға: «...Ей, Мусаб! Яһудилер сенбі күндеріне дайындалып, Забурды жария оқитын күнді күт. Сосын әйелдер мен балаларды жина! Сөйтіп, жұманың күндізі ортасынан ауғанда Алла Тағалаға екі рәкағат намазбен жақындаңдар!» – деп хат жазады[2].

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әмірімен бесін уақытында ең әуелгі болып, жұма намазын өткізген – Мусаб ибн Умайр (р.а.) еді.

 


[1] Сунан Ибн Мәжа, 1/344.
[2] Әл-Фиқһ әл-Ислами уа Әдиллатуһу, Ухба аз –Зухайли, 2/1280

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: