Бас мүфти «Байкен» мешітінде Құран хатымға қатысты (ФОТО)

Бас мүфти «Байкен» мешітінде Құран хатымға қатысты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айында Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Байкен» мешітінде болды. Тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтып, Құран хатым дұғасын жасап ақ батасын берді.

«Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айдан да қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай. Міне, рамазан айының соңғы он күндігінің ішіндеміз. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазан айының алғашқы он күндігі жарылқау мейірім, ортаңғы он күндігі мағрифат кешірім, соңғы он күндігі тозақ отынан құтылу», - деген. Рамазан айында мұсылман баласы өзін тәрбиелейді. Мейірімділік танытып қайырымдылық жасайды. Парасаттылық танытып кешірімді болады. Жақсы қасиеттерді бойына жинаған мұсылман тозақ отынан құтылуға лайықты болады» – деді.

Құран хатым дұғасы жасалғаннан кейін Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет жайылған ақ дастарханнан дәм татып, жамағатпен емін-еркін сұқбаттасты. Мешіт ақсақалдарына: «Қариясы бар үй қазынасы бар үй» деген ғой атам қазақ. Сіздерді көріп риза болып отырмын, расында сіздер қазынасыздар. Жастарға ақыл кеңестеріңізді беріп, өмірілік тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер. Ал, жастар сіздер Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай: «Үлкенге құрмет көрсетпеген кішіге ізеттілік танытпаған бізден емес», - деген қағиданы бойларыңызға сіңірулеріңіз қажет. Сіздер үлкенге құрмет көрсетіп, ізетті болсаңыздар еліміздің болашағы жарқын болады», - деп ақыл кеңесін айтты.

muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: