Бас мүфти Еуразиялық медиафорумға қатысты

Бас мүфти Еуразиялық медиафорумға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында өтіп жатқан XIV Еуразиялық медиафорумға қатысты.

Форум барысында Бас мүфти бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен халықты діни ақпараттық ағарту мәселесі жайлы пікір алмасты.

«Біз ақпараттық ашық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Алайда қазір кейбір БАҚ бетінде адам көкейіне үрей ұялататын, ұрпақ тәрбиесіне теріс әсер ететін жағымсыз жаңалықтар көбірек жариялануда. Қоғамды ізгілікке ұйытуда, жастарды адамгершілікке баулуда БАҚ өкілдерінің рөлі үлкен. Тілшілеріміз сөз жауапкершілігін терең сезінсе, оқырманның да ойы түзелетін болады», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
 
muftyat.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: