Құранда неге құмырсқа «сынады» деп айтылған?

Құранда неге құмырсқа «сынады» деп айтылған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Батыстың белгілі ғалымдарының бір тобы жиналып, қасиетті Құраннан қателік табуды ұйғарыпты. Нәтижесінде олар «Нәміл» сүресінің 18-аятына келіп тоқтайды. Онда былай деп жазылған:

«Сүлейменнің әскері құмырсқалар алқабына келгенде, құмырсқаның басшысы: «О, құмырсқалар! Илеулеріңе кіріңдер, себебі Сүлеймен мен оның әскері сендерді сезінбестен жаншып, сындырып өтіп кетіп жүрмесін» дейді».

Ғалымдар осы аяттағы «яхтимәннәкум» сөзінің қолданылуы қателік деп шешіпті. Яғни, тура мағынасы «сындыру» дегенді білдіреді. Олардың дәлелі бойынша, құмырсқа – еттен тұратын жәндік. Яғни, ол сынбайды, керісінше мыжылады. Бұл аяттағы сындыру сөзінің орнына мыжылу сөзі қолданылу қажет дейді.

Арада екі жыл өтпей австралиялық биолог ғалымдар құмырсқаның денесін эксоскелетон деген жұқа шыны секілді қорғаныш қабаты қоршап тұратынын дәлелдеп шығады. Яғни, құмырсқаны байқаусызда басып кетсе, ол мыжылмайды, сынады. Міне, осылайша он төрт ғасыр бұрын түскен құдайы кітаптың ғылымнан жоғары тұратыны, ғылымнан хабар бергені тағы да айқындалды.

Мирас Кесебаев
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: