Тарауих намазында Құран хатым түсірілуде

Тарауих намазында Құран хатым түсірілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – Құран түскен ай. Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде тарауих намазында толық хатым Құран түсірілуде.

 «Масанчи» медресесінің талапкерлері Джашанло Рамазан   және Хусей Расул әр күні тарауих намазында бір парадан хатым түсіруде. Тарауих намазына үлкенді-кішілі 500-ге жуық жамағат қатысып келеді.  Жамағат ынта жігермен намазға қатысып, ризашылықтарын білдіруде.

Сондай-ақ, «Масанчи» медресесінің тағы екі талапкері  Хусей Уахаб   және Идызов Абдурахим де аудандағы Талас ауылында орналасқан «Ән-Нағим» мешітінде тарауих намазында толық Құран хатым түсіруде.

«Байзақ баба» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: