Кәмелет жасына толмаған балалардың мешітке баруына рұқсат етілді

Кәмелет жасына толмаған балалардың мешітке баруына рұқсат етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбектер астанасындағы мешіттерде ұзақ жылдарға созылған тыйым өз күшін жойып, кәмелет жасына толмаған балалардың тарауық намазына қатысуына билік тарапынан ресми түрде рұқсат берілді. 

Бұл жайында Ташкент шаһарындағы Шайхантахур ауданының бас имамы Одилхан кор мәлім етті. Қасиетті Рамазан айында қуанышты жаңалықты мұсылман жамағатымен бөліскен ол: "Осы күннен бастап, мешіт есігі балаларға да айқара ашылды. Аллаға шүкір, бұл үлкен жетістік",- деді ол тоқи тіл қатып azon.uz сайтынан видеоүндеуінде. Сөз орайы келгенде айта кету керек, марқұм Ислам Кәрімов ел басқарып тұрған жылдары өзбек балаларына мешіт есігі тарс жабылған еді. Биліктің пәрменімен. Тіпті, ата-анасы қасында жүрсе де балалардың мешітке бас сұғуына қатаң тыйым салынған болатын. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: