«Үш сатылы діни сауат ашу курс бағдарламасының тиімділігі» атты оқу семинары өтті

«Үш сатылы діни сауат ашу курс бағдарламасының тиімділігі» атты оқу семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Үш сатылы діни сауат ашу курс бағдарламасының тиімділігі» атты оқу семинары  болып өтті.

Семинарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы Әлимұхамедұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің оңалту орталығы басшысының орынбасары Құлтаев Сержан Пәрімұлы және облыс бойынша діни сауат ашу және Құран сүрелерін жаттау курстары бар мешіттердің ұстаздары мен имамдары қатысты.  

Кездесудегі мақсат «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» негізге ала отырып, ұйымдастырылған үш сатылы діни сауат ашу курстарын тиімді жүзеге асыру.  

Семинарда «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Ақмамбетов Асхат «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Үсенова Зейнеп «Үш сатылы діни сауат ашу курстарының тиімділігі» тақырыбында, «Қордай» аудандық мешітінің наиб имамы «Діни сауат ашу курсынан тәжірибе» тақырыбында, үш сатылы курсты бітіруші Мусаева Тасбике «Діни сауат ашу курсынан түйін» тақырыбында баяндамалар оқыды.

Семинарға қатысушылар кездесу соңында сұрақ-жауап алмасты.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: