Бас мүфти: Ораза қолда бар нығметтің қадірін сезіндіреді

Бас мүфти: Ораза қолда бар нығметтің қадірін сезіндіреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматыдағы Бостандық ауданының орталық «Орбита-3» мешітінде тарауық намазына қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз осылай деді.

«Мүбәрак рамазан айында аузы берік адам бұрын мән бермей жүрген көптеген нығметтердің қадірін сезінеді. Ашығып, шөліркеген пенде Жаратқанның берген ризық-несібесінің, тіпті қара судың қадіріне жетеді. Күні бойы аш құрсақ жүретін жарлы-жақыбайдың жағдайын басынан кешіреді. Бойындағы жанашырлық, бауырмалдық сезімі оянады. Өзінен төменге қарап шүкірлік етеді. Қолда бар мүмкіндіктердің қадірін ұғынады. Оразаның осындай хикметті тұстары бар», – деді Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы. 
 
muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: