Рамазан – тәлім-тәрбие мектебі

Рамазан – тәлім-тәрбие мектебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің «әйелдер  -қыздар» секторының ұстаздары сауат ашу курсының қыздар жамағатына «Рамазан - Раббымыздың тәлім-тәрбие мектебі» тақырыбында уағыз насихат айтты.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) күллі мұсылманды мүбарак аймен  құттықтау хадистерінен басталған  дәріс аясында, ораза ұстаушы адамға жараспайтын әдет - қылықтардан ұзақ тұрулары жайлы баяндалды. Материалдық және рухани құндылықтарымыздың  тәрбиешісі болған бұл қасиетті айда бір мұсылманның адал ас ішіуге мән беруі, барша амал ғибадаттарымыз көз бояушылықтан таза болуы маңызды мәселе екені айтылды.

Ауызашар және ауыз бекіту дұғаларының мағынасы түсіндіріліп, зікір және шүкірлікті арттыруға үйрететін Рамазан мектебінің асыл мақсаты көркем ахлақты толықтыру, әлсіз жаратылысымызды ұғынып, Жаратушы Алланың мүлкінде Жаратушы Алланың қалауымен жасап жатқанымызды ұғына алуымыз қажет екені баяндалды.

 Алла Тағала сауаптарын еселеп беретін бұл мүбарак  айды барша мұсылман хақысын беріп, ақиқатын ұғынып өткізсін деген тілектеміз.

        «Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: