Мешітке ту ілуді міндеттейді

Мешітке ту ілуді міндеттейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытайдағы ислам қауымдастығы жергілікті мұсылман жамағатын ел аумағындағы барлық мешітке Қытай халық республикасының мемлекеттік туын ілуге және "ұлтты ұйыстыру" үшін социализмнің негіз қалаушы принциптерін зерделеуге шақырды. Аталған қауымдастықтың ресми сайтында жарияланған үндеуде, сондай-ақ, ел конституциясын және қытайдың дәстүрлі мәдениетін үйренуге шақырды.

Үндеуді жариялағандар бұл шараның қытай қоғамына сіңісу үшін қолға алынып жатқанын әрі діни рәсімдер қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуі керектігін жеткізіпті. Осылайша, қытай билігі экстермизм мен терроризмді әрі социализм идеясын желеу етіп, азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстарды қытайландыру саясатын мықтап қолға алды. Қытайдың Global Times мерзімді басылымы таратқан хабарында айтылғандай, Нинся-Хуэй автономды округында өткен жұмадан бастап мешітке қытайдың мемлекеттік байрағы ілінген. 

islam.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: