Бас мүфти Алматы орталық мешітінде уағыз айтты

Бас мүфти Алматы орталық мешітінде уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Алматы қаласы Орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Рамазан – шүкіршілік айы» атты тақырыпта уағыз айтты.

Тарауық намазының алдында қасиетті Рамазан айының артықшылығына тоқталған Бас мүфти:

«Рамазан – кешірім мен мейірімнің, жомарттық пен сабыр айы. Берекелі айда жасалған әрбір қайырлы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Бұл айда жақсы ойда, ізгі ниетте болудың өзі – сауап. Ислам дінін жүрек қалауымен қабылдаған біздің халқымыз оразаны ерекше күтіп, ауызашар дастарқанын жайып, жарамазан айтып, рамазанды берекелі өткізуге мән берген. Исламнан қуат алған ұлтымыз аузы берік адамға айрықша құрмет көрсетіп, ауызашар беруге ұмтылған», – деді.

Сондай-ақ, өткен рамазаннан бері бір жыл ішінде адам өзінің жасаған амалдарына есеп беріп, қателіктері үшін тәубе ететін мол мүмкіндік айы екенін тілге тиек етті.

Жиналған жамағаттың ізгі амалдар жасауға жігерлендірген Серікбай қажы Сатыбалдыұлы намаз жүргізіп, тарауық соңында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігі үшін бата жасап, дұға етті.

 

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: