Бас мүфти эко-мешітте жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты

Бас мүфти эко-мешітте жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Ырыскелді қажы» мешітінде жұма намазын жүргізді.

Жұма уағызында оразаның қадір-қасиетіне тоқталған Бас мүфти:

«Рамазан – кешірім мен мейірімнің, жомарттық пен сабыр айы. Берекелі айда жасалған әрбір қайырлы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Бұл айда жақсы ойда, ізгі ниетте болудың өзі – сауап. Ислам дінін жүрек қалауымен қабылдаған біздің халқымыз оразаны ерекше күтіп, ауызашар дастарқанын жайып, жарамазан айтып, рамазанды берекелі өткізуге мән берген. Исламнан қуат алған ұлтымыз аузы берік адамға айрықша құрмет көрсетіп, ауызашар беруге ұмтылған», – деді.

Жұма намазын жүргізген Серікбай қажы Сатыбалдыұлы еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігі үшін бата жасап, Алладан шипа сұраған жамағат үшін дұға етті.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: