Неміс ұлт өкілі Ислам дінін қабылдады

Неміс ұлт өкілі Ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір күн өткен сайын дініміз күшейіп, мұсылмандардың қатары көбейіп, өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдауда. Соның бір айғағы Он екі айдың сұлтаны Рамазанда Шу қаласындағы «Жәми» мешітіне Александр есімді неміс ұлтының өкілі  келіп өзінің мұсылмандықты қабылдағысы келетінін айтты.

Әрине Рамазан шарапаты мол ай, осындай қасиетті айда қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы кешкі мешіттегі ауыз ашарға шақырып, мұсылман қауымының ауызбірлік, ынтымағын көрсетіп Ислам діні жеке басына емес көппен бірге жүретін дін екенін жеткізіп соның бір айғағы бүгінгі Рамазан айындағы ауыз ашар және кешкі оқылып жатқан тарауық намазы дәлел екенін насихаттады.

Ауыз ашарға келген өзге ұлт өкілін бас имам жиналған жамағатқа Ислам дінін қабылдағанын жеткізіп, жамағатпен бірге дұға жасады.

Ислам дінін қабылдаған Александрға өзінің қалауы бойынша есімін Ескендір деп есімін өзгертті. Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Ислам дінінің құндылықтарын түсіндіріп, Ислам ынтымақ, бейбітшілік діні және де үлкен ерекшеліктерінің бірі Ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін екенін жеткізді.

Александр қасиетті Рамазан айында Алланың жалғыздығына көз жеткізіп кәлиманы айтып Ислам дінін  қабылдады.  

 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: