Қордай жұртшылығы алғашқы тарауих намазын оқыды

Қордай жұртшылығы алғашқы тарауих намазын оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізге қасиеті мол Рамазан айы да келіп,  өз берекетін шаша бастағандай. Иісі мұсылман жамағаты мешіттерге ағыла бастады. Аудандық «Қордай» мешітіне жамағат ақшам намазынан бастап іркілмей келіп жатыр.

 Құптан намазы басталар кезде ине шаншыр жер қалмады. Мұсылман жұртшылығының Рамазан айын сағына күткенінің тағы бір дәлелі болды. Мешітке келген қонақтарды лайықты түрде күтіп алу үшін мешіт қызметкерлері де бар ынта жігерімен дайындық жұмыстарын жүргізіп, алғашқы күнге әзірлік жоғары деңгейде болды.

Құптан намазы алдында бас имам Д.Жандосұлы Рамазан айы жайлы, тарауих намазы, Құран хатым жасау туралы уағыз айтып, аудандық мешітте жоспарланған іс-шаралармен таныстыра өтті.

Дәуренбек Жандосұлы аудандық мешітте тарауих намазын өткізуге мешіт ұстазы Жұмабайұлы Зейнуддин қари  мен биылғы жылы Республикалық Құран жарысында жүлделі 3-ші орынға ие болған, облыс мақтанышы Жақсылықов Еркебұлан қари  Сержанұлы өткізетінін жамағатқа хабарлап, қариларды көпшілікке таныстырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: