Төзімділікке қол жеткізу құралы

Төзімділікке қол жеткізу құралы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Саналы және бекем түрде тура жолды ұстануға бел буған шынайы мұсылманның басты мақсаты - дінде төзімділікке қол жеткізу болып табылады.

Алланың Хақ дінінде төзімділік таныту, тура жолды ұстану, Аллаға бойұсынуда тұрақты болу, күнәдан бойды аулақ салу – мұның бәрі иман тазалығының белгісі әрі сенімді басшылықтың жемісі болып табылады. Осы арқылы адам ұлы игіліктерге қол жеткізеді, Алланың мейіріміне бөленіп, оған Жұмақтың жоғары дәрежесі нәсіп етіледі.

Дінде төзімділік пен тұрақтылық таныту арқылы мүмін адам Алла Тағаладан бұл дүниеде және ақиретте келетін жомарттық пен қамқорлықты көретін болады, иман тәттілігін сезініп, жан тыныштығына кенеледі. Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда» (39:22).

Төзімділік — шынайы ерлік, бұл бойұсыну мен күнә арасындағы айқастың  нағыз жеңісінің белгісі. Ислам дінін ұстанудағы табандылық, Алланың қалауымен, адам күнәларының кешіріліп, оның Жұмаққа кіруінің кепілі болып табылады. Төзімді мүміндерге осы дүниеде-ақ періштелердің түсіп, оларды қайғы мен уайымнан арылтып, Жұмақпен сүйіншілеуге және осы дүние мен ақиретте өз сүйіспеншіліктерін білдіруге лайықты.

Қасиетті Құранда: «Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді. “Біз, дүние тіршілігінде де ақыретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар.” Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Алла тарапынан бір сыйлық» (41:30–32).

Өзінің Кітабымен, сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ﷺ айтуымен әрі амалдарымен Алла Тағала бізге дінде қалай төзімділік танытудың көптеген тәсілдері мен амалдарын түсіндірген, сөзсіз, бұл Жаратушының бізге қатысты мейірімдерінің бірі болып табылады. Осы тәсілдердің кейбіреулерін қарастырып көрейік.

1) Құранға жүгіну

Қасиетті Құран дінде төзімділік танытудың бірінші құралы болып табылады, өйткені ол Алла Тағаланың нұры. Кімде-кім Құранды басшылыққа алып өмір сүретін болса, сол адам Алланың панасында болып, құтылады. Ал кімде-кім Құранды ұстануға үндейтін болса, сол ақиқаттың тура жолымен жүретін болады! Алла Тағала Құранды бөліп-бөліп түсіруде көздеген мақсаты – мүміндердің жүрегін нығайту екендігін айтқан. Бұл жөнінде мына бір аятта былай айтылған: «Тағы кәпірлер: “Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?”,-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық. Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындықты және көркем түсінікті әкелемі» (25:32–33).

2) Пайғамбарымыз Мұхаммедтің + және өзге де пайғамбарлардың (а.с.) өмір тарихтарын оқу

«(Мұхаммед Ғ.С.) саған пайғамбарлардың қиссасын көңліңді орнықтыру тұрғысынан баян етеміз. Осында саған ақиқат және мүміндер үшін бір насихат әрі түсінік келді» (11:120).

Пайғамбарлардың өмір тарихы жайында баяндалған осы және өзге де осыған ұқсас аяттар Алла Елшісіне ﷺ жай бір ермек үшін түсірілмеген. Олар оның ﷺ және иман келтіргендердің жүректерін бекем ету үшін түсірілген.  

3) Алла Тағаланың бұйырғандарын орындау

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «...Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін қайырлы болып, имандары нығайып бекір еді» (4:66).

4) Мына сөздерді жиі айтып Аллаға сиыну: «Уа, жүректерді Өзгертуші! Жүрегімді Өзіңнің дінінде бекем ете гөр

Мүміндерге тән міндетті қасиеттердің бірі — жүректерін бекем ете гөр деп Аллаға сиыну. Бұл жөнінде Құранда былай айтылған: «Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің» (3:8).

5) Тақуа адамдармен достық

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз; жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба» (18:28).

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: