Ғалымдар: мутация салдарынан мұсылман-балықшылар жақсы сүңгиді

Ғалымдар: мутация салдарынан мұсылман-балықшылар жақсы сүңгиді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Копенгаген университеті негізінде жұмыс істейтін ғалымдардың айтуынша, Индонезия аралдары аймағында тұратын баджо халқының балықшылары мутация салдарынан жақсы сүңгиді екен. Тынысты көпке дейін тоқтатуға олардың біршама үлкейген көкбауыры көмектесетін көрінеді. Копенгаген университетінің биологы Мелисса Илардоны (Melissa Ilardo) баджо адамдарының «супер қабілеттілігінің» себебі неде екендігі қатты қызықтырған — бұл кішкене кездерінен бергі тәжірибе ме әлде олардың тұқымы сондай ма деген сауал маза бермеген себептен ол баджо халқының 43 өкіліне, сондай-ақ, оларға туыс болып келетін, бірақ құрлықта тұратын салуда елінің 33 өкіліне генетикалық зерттеу жүргізуге рұқсат алған.

Илардо мен оның әріптестері зерттеуге қатысушылардың ДНҚ-сын зерттеп, көкбауырдың көлемін өлшеген. Бұл ағза қаншалықты үлкен болса, судың астына сүңгігенде соншалықты қанға оттегімен байытылған қызыл жасушаларды бөледі екен. Нәтиже көрсеткендей, баджо өкілдерінің көкбауыры құрлықта тұратын салуда өкілдерінен жарты есеге үлкен болып шыққан. Баджо халқының ДНҚ-нан ғалымдар осы халыққа ғана тән 25 геномдық нұсқаларды тапқан, солардың бәрі тынысты тоқтатумен және оттек айналымымен байланысты болған.

Мұның тұжырымы қарапайым ғана, бұл елдің өмір сүру салты гендік мутацияға әкеліп соққан, мысалы, PDE10A телімінде тұратын Индонезия халқы көп уақыттарын су астында өткізеді екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: