Су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізу үшін 450000 доллар жұмсады

Су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізу үшін 450000 доллар жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Танымал мұсылман-футболшысы, «Ливерпуль» клубының шабуылшысы  Мұхаммад Салах Мысырдағы өзінің туған ауылы Нагригте су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізу үшін қомақты қаражат, атап айтқанда, 450 мың АҚШ долларын жұмсады.

Мұхаммад Салах өзінің қайырымдылық көрсетуімен кеңінен танымал жан. Ол спорт алаңдарын салуға, Мысыр ауруханалары үшін медициналық жабдықтарды сатып алуға, онкологиялық дертке шалдыққан балалардың емделуіне өз қаражатын ойланбастан жұмсайды.

Мұның алдында  Сауд Арабия билігі Салахқа қасиетті қала Меккеден жер телімін сыйға тартқандығы  мәлім болған. «Аталмыш сый – өзінің асқан адамгершілігі және қайырымдылығымен танымал болған мысырлық жұлдыз Салахқа көрсетілген құрмет», – деп айтылған сауд шенеунігінің мәлімдемесінде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: