Намаздағы шынайылыққа жетудің 13 қадамы

Намаздағы шынайылыққа жетудің 13 қадамы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз – пенденің Жаратушысымен тілдесуі, намаз арқылы біз Алла Тағаламен күні-түні байланыста болудың көркем мүмкіндігіне қол жеткіземіз. Бұл керемет сыйды Алла Тағала біздің сүйікті Пайғамбарымызға  Миғраж түні нәсіп еткен болатын.

Егер барлық адам намаздың шынайы тәттілігін сезінер болса, намазды кемеліне жеткізіп оқыр еді. Намазда бойұсынуға ұмтылу арқылы ғана біз осы  тәттілікті сезінетін боламыз. Алайда бұл тәттілік бірден сезіле қоймайды, өйткені оның жолында көптеген «кедергілер» бар. Бұл кедергілерден өтуге төменде келтірілген бірнеше ұсынымдар көмектеседі.

1) Тек рұқсат етілген халал аспен тамақтану

Біз не ішіп-жегеніміздің айқын көрінісіміз. Харам асты қолдану біздің жүрегімізде тыйым салынған амалдарға деген әуестікті қалыптастырады да Алла мен біздің арамызда перде құрайды.

2) Тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу

Әрбір жасалған күнә біздің жанымыз бен жүрегімізге із қалдырып кетеді. Күндердің күнінде біздің ішкі жан-дүниеміз Жаратушының өсиетін орындаудан қалып, жүрек Алламен тілдесуден тәттілік сезіміне бөлену қабілетінен айырылатын болады.

3) Дене мен киімнің тазалығын қадағалау

Лас жер шайтанның баспанасы болып табылады. Ал шайтан болса адамды Алладан алыстату үшін қолынан келген барлық жамандықты жасап бағуға дайын.

4) Намаз оқитын орныды таза ұстау

Намазды тек таза жерде оқыған абзал. Біз намаз арқылы барлық кемшілік атаулыдан ада Алла Тағалаға бет бұратынымызды ұмытпағанымыз жөн.

5) Лайықты түрде дәрет алу

Намаздың шарты лайықты түрде дәрет алу болып табылады. Дәрет алу барысында ұсынылған әрекеттердің бәрін орындауға тырысыңыз.

6) Намаз алдында мисуакты қолдану

Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер бұл менің үмбетіме ауырлық тудырады деп қорықпасам, онда әр намаздың алдында мисуакты қолдануға бұйырар едім», - деп айтқан болатын (әл-Бұхари мен Мүслим).

7) Намаз оқуды кейінге қалдырмаңыз

Хадисте былай айтылған: «Ең жақсы амал — бөлінген уақыттың басында оқылған намаз» (ат-Тирмизи мен әл-Хаким).

8) Намазда оқылатын сүрелер мен дұғалардың мән-мағынасын жете түсіну

Намазда оқылатын сүрелер мен дұғаларды жете түсіну намазға ден қоюға көмектеседі, сол себепті сүрелер мен дұғаларды тек жаттап қана қоймай, олардың мән-мағынасын білуге тырысыңыз.

9) Намаз оқып жатқанда жан-жағына қарамау

Намаз оқып жатқанда жан-жағына қарамауға тырысу керек, өйткені бұлай жасау намаздан көңілді бөліп жібереді. Сәжде жасағанда жайнамазға басымызды қоятын орынға қарағанымыз абзал.

10) Біз Алла Тағаланы көрмесек те, Ол бізді көріп тұрғанын естен шығармау

Құдіреті күшті Алла Тағалаға Өзінің жаратқан пенделерінің не істеп, не қойып жүргені, күн-түн демей Оған аян. Намазға тұрған сәтіңізде осыны бар жан-тәніңізбен сезіне біліңіз.

11) Намазды асықпай оқу

Намазды асып-саспай, жаймен оқыған дұрыс. Асығу – біздің тезірек басқа бір іске көшкіміз келетіндігін білдіреді. Айналып келгенде, біздің Жаратушымызбен тілдесуден асқан маңызды не бар?

12) Намазды өмірдегі соңғы намазды оқығандай оқу

Біздің деміміздің таусылып, қашан өлім сәтінің келерін біз білмейміз. Келесі намазға дейін тірі боламыз ба, жоқ па – ол да бізге беймәлім. Сол себепті намаз оқығанда, өміріңіздегі соңғы намазыңызды оқығандай оқыңыз.

13) Жан-жүректі жаман қасиеттерден тазарту

Адам жанының жаман қасиеттері, жүрек кемістігі бізді Алла алдында толықтай бойұсынуға мұршат бермейді, керісінше, Алладан алыстататын дүниелерге тартып отырады. Сол себепті ішкі жан-дүниемізді жақсартып отыруымыз қажет. Ал мұны нағыз рухани тәлімгердің басшылығымен ғана іске асыра аламыз. Алланы еске алу арқылы адам баласы біртіндеп бұл фәни дүние құрасуынан, кесірлі тілектен құтылып, иман тәттілігін сезіне бастайды.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: