Қордай имамдары Рамазанға байланысты жиналыс өткізді

Қордай имамдары Рамазанға байланысты жиналыс өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша қызмет атқарып жатқан имам-молдалар аудандық мешітте  кезекті бас қосуларын өткізді. Жиналыстың басты тақырыбы қасиетті Рамазанға дайындық турасында  болды.

ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының өткізген баспасөз мәслихатындағы үндеуін аудан бас имамы Д.Жандосұлы ауылдық әріптестерге жеткізді. Мешіт имамдарына жылдағы әдет бойынша  қасиетті айда қайырымдылық бағыттағы жұмыстарын жүргізу, мешіттердің тазалығына, мешіттерде тәртіп пен әдептің сақталуына, намаз және басқа ғибадат құлшылықтардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуін жіті тапсырды.

Ауылдардағы қоғамдық орындарда, мешіт аулаларында баннерлер, билбордтар орнату, мешіттерде мерекелік көңіл күй қалыптастыру жүктелді.

Имамдарға облыстық мешіт тарапынан бөлінген, күнтізбе мен діни кітаптар үлестірілді. Ізгі іске белсене кірусуге ниеттенген Қордай имамдарының жиыны ақсақал имамның бата беруімен аяқталды.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: