Өкіл имам облыстың құрметті азаматын зиярат етті

Өкіл имам облыстың құрметті азаматын зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең», - деген нақыл сөзде айтылғандай, қарттар - өткеннің куәсі, бүгіннің айнасы. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр қажы ҰОС-ның ардагері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Төребеков Төлеқабыл ақсақалды зиярат етіп қайтты.

Кездесу барысында өкіл имам ақсақалдың тұшымды әңгімелерін тыңдап, жағдайын сұрасып, сұхбаттасып дастарқандас болды.

Талай қиындықтар мен соғысты да басынан өткерген қарт енді міне, көп жылғы еңбегінің зейнетін көріп отыр. Балаңнан балаңның баласы ыстық дейтін қазақ халқы үшін қарт адамдарға қазір солардың бірнен кейін бірі «аталап», «апалап» келіп жармасқаннан асқан қызық жоқ. Соған тоғайып, соған риза. Қадірменді қарттық дегеннің де бір сыры осы болса керек.

Данияр қажы құрметті ақсақалға Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Құрмет көрсетіп, ізгілік көрсеткен өкіл имамға Төлеқабыл ақсақал үлкен алғысын айтып, батасын берді.  

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: