ОҚО: Шымкент қаласында жаңа мешіт ашылды

ОҚО: Шымкент қаласында жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданында Қарсақбайұлы Сансызбай ұрпақтарының демеушілігімен Алланың үйі бой көтерді. Бұл айшықты оқиға қасиетті Рамазан айының қарсаңында болды. Мешіттің ашылуына ОҚО өкіл имамы, облыстық орталық мешіттің наиб имамдары, зиялы қауым, қария-ақсақалдар мен 1000-ға жуық халық қатысты. Бой көтерген ғибадат үйінің ел игілігіне берілуіне арналған салтанатты шара алдымен Құран оқылып, ОҚО өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың дұға-тілегімен басталды. Мешіттің құрлысы 2017 жылы басталған болатын. Бір жылдың ішінде аяқталып ел игілігіне беріліп жатыр. ОҚО өкіл имамы сөз алып, халықты осындай қасиетті де зәулім құлшылық ордасымен құттықтады. Жамағатқа уағыз-насихат айтып, Тәубе сүресін тілге тиек қыла отырып: «Алланың мешітін, тек Аллаға шынай иман еткен, намазын толық оқыған, зекетін берген және Алладан ғана қорыққандар салады», - деп, демеушілерге Алланың разылығын тілеп, алғысын айтты.

Мешіт жалпы 2 қабаттан тұрады, бір мезетте мыңға жуық жамағат намаз оқи алады. Соңынан жиылған жамағатқа ас беріліп, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: