«Әйелдер-қыздар» секторы ардагерлерді құттықтады

«Әйелдер-қыздар» секторы ардагерлерді құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ел болып Ұлы Жеңістің 73 жылдығын тойладық. Ұрпақтарына бейбіт өмір сыйлап, Жеңіс туының желбіреуіне себепкер болған ардагелердің көбісі жоқ бүгін арамызда...

Биыл Таразда Жеңіс күніне арналған негізгі шаралар Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта ұйымдастырылды. Демалыс орны мереке қарсаңында қайта жаңғыртылып, тұрғындарды жаңа кейіппен қарсы алды.

Қала халқы түгел жиналған бұл алаңнан облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттері де табылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастырумен ұстаздар мен шәкірттер саябақта жиналған ардагер қарттарға сый құрметтерін көрсетіп, гүл шоқтарын таратты. Осындай бейбіт өмір сыйлаған құрметті ардагерлерге шексіз алғыстарын білдіріп, өмірлерінің ұзақ, денсаулықтарының мықты болуын және арамызда дін аман жүрулеріне тілектес екендіктерін айтып, шынайы лебіздерін жеткізді.  

Жылдар өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Бүгінгі таңда облыста 100 соғыс ардагері бар болса, оның 52-і Тараз қаласында тұрады.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: