«Мешіт» тақырыбында уағыз айтылды

«Мешіт» тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Бегалы ата» мешітінде мешіт бас имамы Тілманбетов Таңат имамның ұйымдастыруымен айлық дастархан жайылып, ауызашар берілді. Таңат имам ауызашар қабыл болсын айтып, келген жамағатқа разылығын білдірді. Содан кейін қала бас имамы Жұмағұл Қанат көпшілікке «Мешіт» тақырыбында уағыз айтты.

Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен мешітте балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сияқты көптеген діни рәсімдер орындалады.

Алайда кез келген орынның, ортаның өзіндік әдебі, мәдениеті болған секілді мешіттің де өзіндік әдебі бар.

Қасиетті Құранның «Нұр» сүресінің 31-аятында ер мен әйел адамдардың ұятты жерлерін жабық ұстау жайында айтылған. Алла Тағала: «(Уа Мұхаммед) Мүмін ер кісілерге айт: Харамға көз салмасын (яғни, бөтен әйелдерге және өзге ер кісілердің әуреті сынды қарауға болмайтын нәрселерге қарамасын)! Сондай-ақ абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтасын! Сол оларға әлде қайда лайықты. Шүбәсіз, Алла олардың не істеп, не қойып жүргенінен хабардар» 

«Мүмін әйелдерге айт: Бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ, олардың өздігінен көрінгендерінен басқа (беті, алақаны білезікке дейін және аяғы тобыққа дейін). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін»,-деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің үмбетін мешітке ертерек шығуға шақырған. Мысалға Абу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер адамдар азан айту мен бірінші сапта намаз оқудың сауабын білсе еді, әрі сол сауапқа жету үшін таласты тек жеребе тастаумен ғана шешуге болатын болса, жеребе тастар еді. Егер мешітке ерте барудың сауабын білсе еді, онда оған жету үшін жарысар еді. Әрі егер құптан мен таң намазында қандай сауаптың бар екенін білген болса, онда оған еңбектеп болса да келер еді», - деген.

Сондай-ақ мешітте дауыс көтермеу, имамды тыңдау, тазалыққа мән беру сияқты мешіт әдептері туралы айтып өтті.

Жиын соңында ақсақал  береке, бірлік болсын деп бата беріп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

"Кеңесхан қажы" мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: