Шәкірттер емтихан тапсырды

Шәкірттер емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде сауат ашу курсының әйелдер жамағаты жылдық емтихан тапсырды. ҚМДБ жоспарына сай сатылай оқыту бағдарламасы негізінде сауат ашу курсын тамамдаған шәкірттер 3 топқа бөлініп, әйелдер-қыздар секторы төрайымы Үсенова Зейнеп ұстаздың қатысуымен діни білім деңгейлерін анықтады.

Ақида, Сира, Фикх , Ахлақ және намаз дұғаларынан емтихан тапсырған «Кәусар» тобы, Құранның «Фатиха», «Бақара», «Ясин» сүрелерін мәнерлеп оқудан «Раян» тобы және Құран әліппесінің намаз дұғаларынан Тараз қалалық «Құрал қажы» мешітінің шәкірттері емтиханнан өтті. «Өте жақсы» және «жақсы», «орташа» нәтижелерін көрсеткен шәкірттерге Үсенова Зейнеп ұстаз алғысын білдіріп: «Дін ілімін үйрену - 80 қызыл түйең болғағаннан хайырлы» - деген хадис аясында уағыз насихатын жеткізді.

Елбасы жолдауындағы ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып келешек ұрпаққа білім мен ислам шариғатын жеткізу әрқайсымыздың міндетіміз екенін айтып өтті. Ислам ілімін алу,бойымызға сіңіру – тұлға ретінде қалыптасудың негізі екенін айтып, шәкірттерге алғысын білдіріп, осы сауапты да хайырлы жолда сәтттілік тіледі.

Аллах баршамызға пайдалы ілім нәсіп етсін! Әмин!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: