Меркі ауданы Рамазан айына дайындықтарын пысықтады

Меркі ауданы Рамазан айына дайындықтарын пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінде Рамазан айының дайындығын пысықтау үшін, ауданға қарасты ауыл мешіттері имам-молдалары және Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілі, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен арнайы дөңгелек үстел отырысы өтті.

ҰҚҚ және ішкі саясат қызметкерлері сөз алып, жалпы аудан бойынша діни ахуалға тоқталып, ауданға қарасты мешіттің діни қызметкерлерінің діни тұрғыда жүргізіп отырған уағыз-ақпараты дәстүрлі дініміздің құндылықтары жайлы айтты.

Осындай іс-шараның арқасында, ауданда теріс-пиғылды іс-әрекеттер байқалмайды, - деп жалпы аудан бойынша дін жағдайына оң баға берді.

Аудан бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы облыс өкілдігінің тапсырмаларына тоқталып, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтары, сенбілік күндерін ұйымдастыру, Рамазан айының жақын қалғанына байланысты, мешіттердің ішкі-сыртқы тәртіптеріне көңіл бөліп, жамағаттарға жағдай жасап, ауызашарлар ұйымдастырылсын, ораза кестесі таратылсын, ауданда жарық көретін газет беттеріне Рамазан айына байланысты мақала берілсін, «Ораза қабыл болсын» деген бильборттар мешіттерде ілнуі керек екенін атап өтті.

Мамыр айының жарқыраған күнінде, орталық «Меркі ата» мешіт жамағаттары бір кісінің баласындай жұмыла сенбілік күніне қатысып, мешіт төңірегіндегі шөпті шауып, жеміс талдардың түбін қопсытып, бұтақтарын ретке келтіріп, әктеу және бояу жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік іс-шаралары ауыл мешіттерінде жалғасын табуда.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: